Мына 4 қадамды орындаңыз:
1. «Кассир» бөліміндегі қаражатты шығару бөліміне өтіңіз.
Веб-нұсқада: экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы профиль суретін басып, мәзірден «Касир» қойындысын таңдаңыз.
Содан кейін «Қаражатты шығару» қойындысын басыңыз.
Мобильді қолданбада: сол жақтағы мәзірді ашып, «Теңгерім» бөлімін таңдап, «Қаражатты шығару» батырмасын басыңыз.
Android қолданбасының жаңа нұсқасында: платформаның төменгі жағындағы «Профиль» белгішесін басыңыз. «Теңгерім» қойындысын таңдап, содан кейін «Қаражатты шығару» батырмасын басыңыз.
2. Төлем сомасын енгізіп, қаражатты шығару әдісін таңдаңыз. Барлық қажетті өрістерді толтырыңыз. «Қаражат шығаруды сұрау» батырмасын басыңыз.
3. Сіздің сұранымыңыз расталды! Қаражат шығару өңделгенше сауданы жалғастыра аласыз.
4. «Кассир» бөліміндегі «Транзакциялар тарихы» қойындысында (мобильдік қолданба пайдаланушылары үшін «Теңгерім» бөлімі) әрқашан ақша қаражат шығару күйін бақылай аласыз.
Ескертпе. Төлем провайдерлеріне қаражатты банктік шотыңызға аудару үшін әдетте 1 сағаттан 3 жұмыс күніне дейін уақыт қажет. Сирек жағдайларда бұл кезең ұлттық мерекелерге, банк саясатына және т.б. байланысты 7 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Егер сіз 7 күннен артық күтіп қалсаңыз, тікелей чатта бізге хабарласыңыз немесе support@binomo.com мекенжайына жазыңыз. Біз қаражатыңыздың сізге жетуін қадағалауға көмектесеміз.