Қаражат шығаруды сұраған кезде, алдымен оны қолдау көрсету тобы мақұлдайды. Бұл процестің ұзақтығы аккаунтыңыздың мәртебесіне байланысты, бірақ біз әрқашан бұл кезеңдерді мүмкіндігінше қысқартуға тырысамыз. Шығаруды сұрағаннан кейін одан бас тарту мүмкін емес екенін ескеріңіз.
- Standard мәртебесіндегі трейдерлер үшін мақұлдау 3 күнге дейін созылуы мүмкін.
- Gold мәртебесіндегі трейдерлер үшін – 24 сағатқа дейін.
- VIP мәртебесіндегі трейдерлер үшін – 4 сағатқа дейін.
Ескертпе. Тексеруден өтпеген болсаңыз, бұл кезеңдер ұзаруы мүмкін.
Сұранымыңызды тезірек мақұлдауға көмектесу үшін, қаражатты шығармас бұрын, сізде сауда айналымы бар белсенді бонустың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Сұранымыңыз мақұлданғаннан кейін біз оны төлем қызметінің провайдеріне жібереміз.
Төлем провайдерлеріне төлем әдісіңізге қаражат аудару үшін әдетте бірнеше минуттан 3 жұмыс күніне дейін уақыт қажет. Сирек жағдайларда, ұлттық мерекелерге, төлем провайдерінің саясатына және т.б. байланысты 7 күнге дейін созылуы мүмкін.
Егер сіз 7 күннен артық күтіп қалсаңыз, тікелей чатта бізге хабарласыңыз немесе support@binomo.com мекенжайына жазыңыз. Біз қаражатыңыздың сізге жетуін қадағалауға көмектесеміз.
Мұнда сіз шығарудың ең минималды және максималды сомалары туралы ақпаратты таба аласыз.