Жекелендірілмеген банк карталарында карта ұстаушысының аты-жөні көрсетілмейді, бірақ сіз оларды қаражатты салу немесе шығару үшін қолдана аласыз.
Картада не жазылғанына қарамастан (мысалы, Momentum R немесе Card Holder) карта ұстаушысының атын банк келісімінде көрсетілгендей енгізіңіз.
Банк картасынан қаражат шығару тек Украина немесе Түркияда шығарылған карталар үшін қолжетімді.
Жекелендірілмеген банк картасына қаражат шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. «Касcа» бөліміндегі қаражат шығару бөліміне өтіңіз.
Веб-нұсқада: экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы профиль суретін басып, мәзірден «Касcа» қойындысын таңдаңыз.
Содан кейін «Қаражатты шығару» қойындысын басыңыз.
Мобильді қолданбада: сол жақтағы мәзірді ашып, «Теңгерім» бөлімін таңдап, «Қаражатты шығару» батырмасын басыңыз.
Android қолданбасының жаңа нұсқасында: платформаның төменгі жағындағы «Профиль» белгішесін басыңыз. «Теңгерім» қойындысын таңдап, содан кейін «Қаражатты шығару» батырмасын басыңыз.
2. Төлем сомасын енгізіңіз және қаражатты шығару әдісі ретінде «VISA/MasterCard/Maestro» опциясын таңдаңыз. Қажетті ақпаратты толтырыңыз. Депозит жасаған банк карталарына ғана қаражат шығаруға болатынын ескеріңіз. «Қаражат шығаруды сұрау» батырмасын басыңыз.
3. Сіздің сұранымыңыз расталды! Сауданы қаражат шығару өңделгенше жалғастыра аласыз.
4. «Касса» бөліміндегі «Транзакциялар тарихы» қойындысында (мобильді қолданба пайдаланушылары үшін «Теңгерім» бөлімі) әрқашан ақша қаражат шығару күйін бақылай аласыз.
Ескертпе. Төлем провайдерлеріне банктік картаңызға ақша аудару үшін әдетте 1 сағаттан 12 сағатқа дейін уақыт қажет. Сирек жағдайларда бұл кезең ұлттық мерекелерге, банк саясатына және т.б. байланысты 7 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Егер сіз 7 күннен артық күтіп қалсаңыз, тікелей чатта бізге хабарласыңыз немесе support@binomo.com мекенжайына жазыңыз. Біз қаражатыңыздың сізге жетуін қадағалауға көмектесеміз.