Қаражатты шығарған кезде сұранымыңыз 3 кезеңнен өтеді:
- Біз оны мақұлдап, төлем провайдеріне жібереміз.
- Провайдер қаражат шығаруды өңдейді.
- Сіз қаражатыңызды аласыз.
Біз қаражатты шығару туралы барлық сұранымдарды мүмкіндігінше жылдам мақұлдауға тырысамыз. Бұл процестің ұзақтығы аккаунтыңыздың мәртебесіне байланысты.
- Gold мәртебесіндегі трейдерлер үшін бұл 24 сағатқа дейін созылады.
- VIP мәртебесіндегі трейдерлер үшін – 4 сағатқа дейін.
Ескертпе. Қаражат шығарудың соңғы өңдеу уақытын төлем провайдері анықтайды.
Провайдерлерге төлем әдісіңізге қаражат аудару үшін әдетте бірнеше минуттан 3 жұмыс күніне дейін уақыт қажет. Сирек жағдайларда, ұлттық мерекелерге, провайдердің саясатына және т.б. байланысты 7 күнге дейін созылуы мүмкін.